Үндістанның әскери-әуе күштері Кашмирдің пәкістандық бөлігіндегі қарулы топқа соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның әскери-әуе күштері Кашмирдің пәкістандық бөлігіндегі қарулы топқа соққы берді

26.02.2019

Бұл турасында осы елдің сыртқы істер министрі Виджай Гокхале мәлімдеді. Дипломаттың сөзінше, Балакот қаласы төңірегінде жасалған әуе шабуылынан «Джаиш-әл-Мұхаммед» тобының бірнеше мүшесінің көзі жойылған. Осы топтың әрекетіне Пәкістанда да тыйым салынып отыр. Ал, Үндістан, БҰҰ мен АҚШ оны террористік ұйым деп есептейді.

Ақпанның 14-інде үнді сарбаздарына қарсы жасалған шабуылды осы «Джаиш-э-Мұхаммед» өз мойнына алды. Дели бұл топ Исламабадтың қолдауына ие деп есептейді. Ал, Пәкістан болса мұны жоққа шығарды. Бүгін жасалған шабуылдан, үнді әскерилерінің сөзінше, 300-дей содырдың көзі жойылған. Пәкістан жағының мәлімдеуінше, әуе соққысынан ешкім қаза тапқан жоқ, әрі ешқандай нысан қирамаған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу