Эстонияда өткен парламенттік сайлауда оңшыл-центристер жеңіске жетті. Жексенбі күні «Реформ» партиясына азаматтардың 28,8 пайызы дауыс берген. Сөйтіп, оған заң шығару органындағы 101 орынның 34-і бұйырды. Премьер-министр Юрий Ратастың «Центр» қозғалысы 23 пайыз дауыс жинады. Ал, анти-иммигранттық EKRE партиясын электораттың 18 пайызға жуығы қолдаған. Бұл саяси бірлестіктердің барлығы Эстонияның болашағы НАТО мен Еуропа одағында деп есептейді.
Тұрғындардың 26 пайызы өз дауыстарын интернет арқылы берген. Эстония электрондық сайлауға әлемде бірінші болып 2005 жылы көшті.
Арыстан РЫСБЕК