«ДАИШ» қаруын тастап, беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» қаруын тастап, беріліп жатыр

05.03.2019

Сирияның шығысында «ДАИШ»-тың соңғы ауылынан 500-дей адам Сирия демократиялық күштеріне берілді. Олардың қатарында шетелдік содырлар да бар. Мұны осы экстремистік топпен соғысып жатқан күрд отрядтарының өкілдері мәлімдеп отыр. Олардың сөзінше, Бағоз ауылынан тағы 200-дей адам эвакуацияланады. Жалпы алғанда, бұл елді мекеннен 40 мыңдай адам шығарылған. Көбі – әйелдер мен балалар.

«ДАИШ»-тың қарамағындағы ақырғы анклавты алу операциясы баяулап отыр. Өйткені күрд жасақтарының айтуынша, экстремистер бейбіт тұрғындарды тірі қалқан ретінде пайдаланып отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу