Ауғанстанда шабуылдан 16 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда шабуылдан 16 адам қаза тапты

06.03.2019

Ауғанстанның Жалалабад қаласында қаруланған адамдар мен жанкешті-лаңкестердің шабуылынан 16 адам қаза тапты. Қанпезерлер құрылыс компаниясының кеңсесіне бомба қойып, оқ жаудырған. Құрбандардың барлығы осы мекеменің қызметкерлері мен күзетшілері. Шабуылды әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу