Аргентинада ұстаздар шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада ұстаздар шеруге шықты

07.03.2019

Аргентинада жаңа оқу жылының басталуы бір аптаға шегерілді. Бұған ұстаздардың кең ауқымды шеруі себеп. Мұғалімдер жалақыны өсіруді талап етіп, үшінші күн қатарынан ереуіл өткізіп жатыр. Аргентина рецессияға кіріп, былтыр инфляция 47 пайызға артты. Ал, биыл тұтыну бағасы 30 пайызға өседі. Бұған қоса, президент Маурисио Макридің қатаң үнемдеу шаралары халыққа қосымша ауыртпалық салып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу