Мексикада әлемдегі ең ірі вулкандардың бірі оянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада әлемдегі ең ірі вулкандардың бірі оянды

07.03.2019

Попокатепетль жанартауы 1200 метр биіктікке газ бен күл шашып жатыр. Отты таудың атқылауы жергілікті биліктің қатаң қадағалауында. Себебі оның қуаты күшейе түссе, жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттігі туындайды.

Айта кетсек, Мексикадағы биіктігі 5400 метрден асатын осы вулкан - елдегі екінші және Солтүстік Америкадағы бесінші биік жанартау.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу