Салдарынан 3 адам қаза тауып, кемінде 32-сі жараланды. Алайда, ресми өкілдер құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр.
Оқиға шииттердің лидері Абдул Әли Мазариді еске алу шарасы кезінде болған. Жиынға Ауғанстан үкіметінің өкілдері мен бұрынғы президент Хамид Карзай да қатысқан. Олардың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Tolo News телеарнасының хабарлауынша, оқиға орнында кемінде 10 жарылыс болған. Сондай-ақ, таяу маңнан атыс дауысы естілген. Дегенмен жауапкершілікті әзірге ешбір топ өз мойнына алмады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ