Ресейде мыңдаған адам интернеттің еркіндігін талап етіп, шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде мыңдаған адам интернеттің еркіндігін талап етіп, шеруге шықты

11.03.2019

Мәскеу орталығындағы Сахаров алаңында өткен митингке 15 мыңнан астам адам жиналған. Акцияға Мемлекеттік думаның ақпанда бірінші оқылымда «Дербес интернет» туралы заң жобасын қабылдауы түрткі болды. Шеруді тіркелмеген Либертариандық партия белсенділері ұйымдастырған.

«Рейтердің» хабарлауынша, Мәскеудегі митингте полиция 15 адамды ұстап әкеткен. Рұқсат етілген демонстрациялар Воронеж, Хабаровск қалаларында да ұйымдастырылды. Ал, Санкт-Петербургте бірнеше белсенді биліктің келісімінсіз шеруге шыққан. Көпшіліктің наразылығын тудырған заң жобасы ресейлік интернет қолданушылардың шетелмен мәлімет алмасуын шектеп, ғаламторды дербес етеді. Құжат авторларының сөзінше, «Дербес ғаламтор» Батыс елдерінің кибершабуылы кезінде Ресейде интернеттің үздіксіз жұмыс істеп тұруына мүмкіндік бермек.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу