Индонезия азаматшасы Сити Айсия бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында қуанышты екенін мәлімдеді. Ал, екінші күдікті - Вьетнам азаматшасы Доан Ти Хуонгтың соты үш күннен кейін болады.
Айта кетсек, Ким Чен Нам 2017 жылы ақпанда Куала-Лумпур әуежайында өлтірілді. Бейнежазбадан мәлім болғандай, оған екі әйел жақындап барып, бетіне белгісіз затты шашып жіберген. Кейін ол элементтің тыйым салынған у екені анықталды. Прокурор бұл істің саяси астары бар деп есептейді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ