Сирияға барып, «ДАИШ»-қа қосылған бельгиялық екі әйел мен олардың алты баласы елдеріне оралуға үмітін жоғалтып отыр. Өйткені Брюссель бұл азаматшаларды қайта қабылдамау туралы шешім шығарған.
Татьяна Вьеландт пен Бухра Абдуаллал – 26 жаста. Олар қазір Сирияның солтүстік-шығысындағы әл-Хул лагерін паналап отыр. Айтуларынша, мұндағы өмірдің азабы мол. Сондықтан олар Бельгияға оралғысы келеді.
«ДАИШ»-тың қатарына Еуропаның мемлекеттерінің мыңдаған азаматы мен олардың отбасы мүшелері өткен. Бірақ Сирия мен Иракта халифат күйрегендіктен, оларды қайтару немесе қайтармау даулы мәселеге айналып отыр. Аймақтың кейбір елдері үкіметтерінің пікірінше, «ДАИШ» мүшелері қайта оралса, Еуропада радикалдық жолға түскен жастар саны күрт көбеюі мүмкін.
Арыстан РЫСБЕК