Макгрегор тағы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Макгрегор тағы қамауға алынды

12.03.2019

UFC чемпионы Конор Макгрегор тағы да қамауға алынды. Ирландиялық спортшы жанкүйерінің телефонын сындырып, оны алып кеткен. Бұл оқиға «Фонтанблю» қонақүйінің алдында болды.

Спортшы ғимараттан шығып бара жатқан кезде, жанкүйер суретке түспек болған. Бұл спортшының ашуын тудырса керек. 30 жастағы Макрегор қазір Майамидегі түзету мекемісінде отыр. Оған тонау және қылмыстық әрекет туралы айыптар тағылған. 

Сондай-ақ, Макгрегор 2018 жылы сәуірде UFC спортшылары бар автобусқа шабуыл жасаған. Нәтижесінде көлікке зақым келіп, бірнеше адам жараланған еді.

Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА

Хабарламаларға жазылу