Apple компаниясы жаңалықтарымен тағы да елді елең еткізбек. Бұл жолы компания теле- және бейнеқызметтерді іске қосуды жоспарлап отыр. Оны компания Калифорния штатының Купертино кампусында 25 наурызға жоспарлаған шарасында жариялайды. Apple бейнесервисті іске қосуды бұрыннан жоспарлап жүрген. Ол үшін құны 2 миллион доллар болатын өз контентін жасаған.
Ал, телевизиялық қызмет бүкіл әлемде жұмыс істейтін болады. Ол Netflix және Prime Video сияқты қызметтерге мықты бәсекелес болмақ. Компанияның бас директоры Тим Кук бұл қадамға «айфон» смартфондарының сатылымы төмендеген соң барғанын айтты.
Жансая АЛЬЧЕМБАЕВА