Осылайша аталған ұшақты әуеге көтеруден бас тартқан елдер қатары көбейді. Бұған дейін Сингапур, Қытай, Индонезия, Эфиопия мен бірқатар елдердің әуе компаниялары осы тізімге қосылған еді.
Boeing 737 Max ұшағы наурыздың 10-ында Эфиопияда болған апаттан кейін қара тізімге еніп отыр. Әуе апатынан 157 адам қаза тапты. Марқұмдардың қатарында 35 елдің азаматтары бар. Ал, осыдан 5 ай бұрын дәл осы үлгідегі лайнер бортындағы 189 адаммен бірге Индонезияда Ява теңізіне құлады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ