Бұл шара авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолға алынып отыр. Министрліктің шешіміне байланысты, «Turkish Airlines» әуе компаниясы Станбулдан Лондонға ұшып бара жатқан екі лайнерін Ататүрік әуежайына қайтарды. Түркияға дейін мұндай Boeing-тардың ұшуына Сингапур, Эфиопия, Қытай, Еуропа Одағы мемлекеттері және тағы бірқатар ел тыйым салды.
Бұл үлгідегі әуе кемелері наурыздың 10-ында Эфиопияда болған трагедиядан кейін қара тізімге еніп отыр. Сол авиациялық апаттан 157 адам қаза тапты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ