Венесуэла: Ұрлық саны көбейіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэла: Ұрлық саны көбейіп тұр

13.03.2019

Венесуэладағы саяси, әлеуметтік дағдарыс қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін мейлінше қиындатып жіберді. Тұрғындардың электр жарығынсыз отырғанына бір апта болды. Тас қараңғыны пайдаланған бұзақылар түрлі қылмыстарға қорықпай барып жатыр. Мысалы, Маракайбо қаласында сауда орталығы тоналып, 270 дүңгіршектің 105-інің шынысы сынып, тауарлары ұрланған.

Венесуэладағы электрмен қамтамасыз етудегі қиындықтар жылдар бойы бұл салаға инвестицияның бөлінбеуі мен техникалық қызметтің көрсетілмеуінен туындап отыр. Оның үстіне, экономикалық дағдарыс кезінде өзге елдерге кеткен 3 миллиондай венесуэлалықтың арасында білікті техникалық мамандар да аз емес.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу