Израиль Газа аймағындағы Палестина анклавына әуеден бірнеше рет соққы берді. Бұған Тель-Авивтің солтүстігін зымырандармен атқылау себеп болған. Израиль билігі бұл әрекеттерге Хамасты айыптады. Алайда, Хамас жауапкершіліктен бас тартып отыр. Сонымен қатар, Израиль шекараға қосымша әскер жіберген. Ал, нысандардың ішінде Хамас саяси жетекшісінің кеңсесі мен ислам жауынгерлері тобының барлау штабы болған.
Шабуыл барысында жеті палстиналық жараланды. Бір күнге созылған әскери қақтығыстардан кейін Израиль мен Хамас Мысырдың көмегімен атысты тоқтату туралы келісімге келген. Алайда, бұдан кейін Газа аймағынан тағы 30 шақты зымыран жіберілгені мәлім болды. Дегенмен, олар көзделген нысандарына жетпеген.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ