Йемендегі ауруханаға зымыран құлап, 7 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йемендегі ауруханаға зымыран құлап, 7 адам қаза тапты

27.03.2019

Олардың төртеуі – бала. Тағы 8-і әртүрлі жарақаттар алып, 2 адам жоғалып кеткен. Бұл туралы ауруханаға көмек көрсететін қайырымдылық ұйымның өкілдері хабарлады.

Зымырандардың бірі ғимарат алдындағы жанар-жағармай станциясына құлап, жойқын жарылыс болған. Нәтижесінде Китаф емдеу мекемесіндегі жазықсыз жандар зардап шекті. Әзірге оқиғаға жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу