Иранның 31 провинциясының 25-ін су тасқыны жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранның 31 провинциясының 25-ін су тасқыны жайлады

28.03.2019

Иранның 31 провинциясының 25-ін су тасқыны жайлады. Мұны ел президенті Хасан Рухани мәлімдеді. Ислам Республикасының басшысы зардап шеккен әрбір адамға өтемақы төленетінін де атап өтті. Руханидің сөзінше, ел тарихында мұндай су апаты бұрын-соңды болмаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 26-ға жетіп, жүздеген адам жараланған. Ал, ондаған мың тұрғын үйлерін тастап кетсе, тағы мыңдаған ирандық уақытша шатырларға орналастырылды. Бұған қоса, сан мың үй мен кәсіпорынды және жолдар мен көпірлерді су шайып кеткен. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, наурыздың 19-нан бері алапат тасқыннан Гулестан және Мазендеран провинцияларының 270 ауылы мен шағын қалашығында 56 мыңнан аса адам зардап шеккен.

АРЫСТАН РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу