Қызылша эпидемиясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылша эпидемиясы басталды

28.03.2019

АҚШ-тың бірнеше штатында қызылша ауруы жаппай тарап, төтенше жағдай жарияланды. Қазір Калифорния, Иллинойс, Техас, Вашингтоннан кейін Нью-Йорк штаты да дабыл қағып отыр.

Нью-Йоркте қазан айынан бастап қауіпті дерттің 181 оқиғасы тіркелген. Ал, Манхэттеннің солтүстігіндегі Рокленд округында биыл 153 бала ауруға шалдықты. Олардың көбі қызылшаға қарсы вакцина қабылдамаған. Сондықтан, жергілікті билік екпе жасалмаған балаларға мектеп пен қоғамдық орындарға баруға тыйым салды.

Ал, ата-аналар түрлі себептермен екпеден бас тартып отыр. Олар «бұл дінге қарсы, сондай-ақ денсаулыққа зиян», дейді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының дерегінше, 2018 жылы әлем елдерінің 98 пайызында қызылшаға шалдыққандардың көбейгені байқалған. Мамандардың сөзінше, дер кезінде емдеп, екпе жасамаса, бұл ауру өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу