Польшаға 10 айда жер шарын айналып шыққан саяхат кемесі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшаға 10 айда жер шарын айналып шыққан саяхат кемесі оралды

29.03.2019

«Жастар сыйы» деп аталатын желкенді қайық Польша тәуелсіздігінің 100 жылдығына орай сапарға аттанған. Бортта мыңнан астам экипаж мүшесімен қатар, жүз шақты жасөспірім болды. Олар отансүйгіштік туралы шығарма жазу сайысына қатысып, әлемдік саяхатты жеңіп алған.

Төрткүл дүниені тамашалап, жер-жаһанды аралаған жастардың қуанышында шек жоқ. Бірнеше ай бойы жақындарын көрмеген оларды туыстары Гдыня қаласының портында күтіп алды. Ал, кеме дәл осы жерде жасалып, 1982 жылы қолданысқа берілген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу