Ұлыбритания Еуропа одағынан шыға алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания Еуропа одағынан шыға алмады

29.03.2019

Бүгін Ұлыбритания Еуропа одағынан шығуы тиіс еді. Бірақ ол жоспар орындалмады. Премьер-министр Тереза Мэй Біріккен Корольдіктің одақтан бөлінетіні туралы өтінішті Брюссельге 2017 жылы наурыздың 29-да жіберді. Алайда, британдық депутаттар блоктан шығу шарттарына қатысты келісімге келе алмады. Енді Брекситтің әрі қарай қай бағытта өрбитіні беймәлім болып отыр. Бүгін елдің қауымдар палатасы Брексит жобасын жыл басынан бері үшінші рет дауысқа салып көреді. Егер құжат осы жолы парламенттен сәтті өтсе, Ұлыбритания Еуроодақтан мамырдың 22-сінде шығады. Ал, депуттар оны тағы да қабылдамай тастаса, корольдік одақтан сәуірдің 12-сінде ешқандай ережесіз бөлінуі мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу