Ал, елдің денсаулық сақтау министрлігі кемінде бір адамның қайтыс болғанын мәлімдеп отыр.
Тұрғындарға дертке қарсы вакцина егіліп жатыр. Дегенмен, ластанған ауызсу мен азық-түлік арқылы таралатындықтан, бұл эпидемия жаппай белең алып барады. Сонымен қатар, Мозамбикке аштық қауіп де төніп тұр. Өйткені дүлей дауыл мен тасқын судан 700 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқаптары жойылған.
Үкімет зардап шеккен фермерлерге тұқым мен жабдықтар беруге уәде етті. Бірақ жергілікті басшылық шет мемлекеттерден көмек сұрап отыр. Африканың оңтүстік-шығысында екі апта бұрын «Идай» дауылы соғып, талай ауданды алапат тасқын жайлады. Табиғи апаттан Мозамбик, Зимбабведе 760-қа жуық адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ