Ұлыбритания ғалымдары зертханада өсірілген етті жұрт назарына ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания ғалымдары зертханада өсірілген етті жұрт назарына ұсынды

03.04.2019

Ұлыбритания ғалымдары зертханада өсірілген етті жұрт назарына ұсынды. Өнімнің сыртқы түрінің әдеттегі еттен еш айырмашылығы жоқ.  Ол жануардың діңгекті жасушасынан өсірілген. Бұл тәжірибе тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жасалып отыр.

Дегенмен, зертханалық еттің құны қымбатқа түсуі мүмкін. Қазірдің өзінде оның бір келісінің бағасы шамамен 20 000 доллар. Соған қарамастан, мамандар оны арзандатудың жолдарын қарастырып, алдағы 5 жылда жаппай сатылымға шығарудан үмітті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу