Венесуэлада оқу жылы бір айға ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада оқу жылы бір айға ұзартылды

04.04.2019

Енді балалар жазғы демалысқа шілденің басында емес, соңында шығады. Білім министрлігінің мұндай шешім қабылдауына бүкіл елде жарықтың бірнеше аптаға екі мәрте өшуі себепші. Бұл проблемаға байланысты осы айда бастауыш және орта мектептер мен университеттерде сабақ доғарылды.

Венесуэланың мемлекеттік мектептерінде 6,5 миллионға жуық, жекеменшік мектептерінде 1 миллионнан астам бала оқиды. Олар сәрсенбі күні білім ордаларына қайта орала бастады.

Венесуэлада инфляция деңгейі миллион пайызға жетіп, экономикалық дағдарыс өршіп келеді. Ал энергия жүйесінің істен шығуы салдарынан көптеген елді мекендер мен қалаларда су тоқтап, байланыс та үзіліп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу