Украина президенттігіне үміткер Владимир Зеленский сайлаудың екінші туры алдында бәсекелесі Петр Порошенконы дебатқа шақырды. Ол пікірталасты «Олимпийский» стадионында өткізуді ұсынып, бұған 24 сағатта жауап беруді талап еткен. Ал Порошенко келісім бермес бұрын, Зеленскийді заңды білмейтінін айтып, сынады. Ереже бойынша пікірталас қоғамдық телеарна ғимаратында өтуі тиіс. Дегенмен, Порошенко оны спорт кешенінде өткізуге келісім берген.
Айта кетсек, Украинада президенттік сайлаудың екінші туры сәуірдің 21-інде өтеді. Ал, оның бірінші айналымында Зеленский қазіргі президенттен айтарлықтай басым түскені белгілі.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ