Мешіттегі оқиғаға қатысты сот тыңдалымы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешіттегі оқиғаға қатысты сот тыңдалымы басталды

05.04.2019

Жаңа Зеландияда мешітте 50 адамды мерт қылған күдіктіге қарсы сот тыңдалымы басталды. Қазір 28 жастағы Брентон Таррант Оклендтің қатаң тәртіптегі түрмесінде отыр. Ол 20 минутқа созылған процеске бейнебайланыс арқылы қатысып, өзіне тағылған айыптарды үнсіз тыңдаған. Крайстчерч Жоғарғы соты істі қарамас бұрын, оны психологиялық тексеруге жіберді.

Сонымен қатар, тыңдалымға қанды қырғында аман қалғандар мен қаза тапқандардың туған-туыстары қатысты. Жәбірленушілер Таррантты барынша қатаң жазалап, өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр. Ал, соттың келесі отырысы маусымның 14-іне белгіленді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу