Әлемді электромобильмен аралаған жиһанкездің саяхаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемді электромобильмен аралаған жиһанкездің саяхаты аяқталды

08.04.2019

Голландиялық жүргізушінің электромобильмен 3 жылға созылған саяхаты аяқталды. Бұл - электромобильдер тарихындағы ең ұзақ сапар. Вибер Ваккер есімді жиһанкез Volkswagen Golf көлігін электромобильге өзгерткен. Онымен 33 мемлекетті аралап, 95 000 мыңнан астам шақырым жол жүрді.

Ал, саяхат барысында бейтаныс адамдар оған тамақ пен жататын орын ұсынып, қолдау білдірген. Ваккер осылайша электромобильдердің өміршеңдігі мен беріктігін дәлелдеп отыр. Сонымен қатар, ол көміртегін шығармайтын көлік ретінде болашақта жаппай қолданылады деп үміттенетінін айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу