Олардың үйлерін тастап кетуіне шығыстағы күштер мен үкімет әскерінің Триполи үшін соғыс ашуы себепші. Тағы көптеген адам қақтығыс жүріп жатқан аудандардан шыға алмай отыр.
Ливия 2011 жылы Муаммар Каддафи режимі құлағаннан кейін батыс және шығыс болып екіге бөлінді. Елдің шығысы генерал Халифа Хафтар мен оның армиясының қолында. Сол күштер өткен аптада бүкіл елді бағындыру мақсатымен Триполиге аттанды. Үкімет қарулы күштері оларға үлкен қарсылық көрсетіп жатыр. Әскери жанжалдан 50-ге жуық адам қаза тауып, 180 ливиялық жараланды.
Арыстан РЫСБЕК