Ұлыбританияның ЕуроОдақ құрамынан шығу процесі қазанның 31-не дейін шегерілді. Брюссель мұндай шешімді сейсенбіде өткен шұғыл саммит кезінде мәлімдеді. Бұлай болмағанда, корольдікті сенбіде «қатты брекситі» күтіп тұрған еді.
Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск берілген қосымша алты айда Британияны уақытты бос өткізбей, мәселенің ең жақсы шешімін табуға шақырды. Оның сөзінше, жарты жыл ішінде Лондон ЕуроОдақтан шығу туралы келісімді ертерек бекітіп немесе «брекситке» қатысты өз ұстанымын өзгертіп, тіпті одақ құрамынан шығудан мүлдем бас тарта алады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ