Қапшықтарға салынған түймедақ арасына жасырылған бомба іске қосылған. Одан 16 адам қаза тауып, 30-ы жараланды. Құрбандардың тең жартысы - этникалық хазарлар. Пәкістанда оларға қарсы тәліптер, «ДАИШ» және өзге де сүнниттік қарулы топтар жиі қастандық жасайды. Әзірге жарылысты кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Шабуылды ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ