Ердоған сайлауды қайта өткізгісі келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған сайлауды қайта өткізгісі келеді

17.04.2019

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның «Әділет және даму» партиясы Стамбулда муниципалдық сайлауды қайта өткізу туралы ресми талап қойды. Партия төрағасының орынбасары Әли Ихсан Явуздың мәлімдеуінше, наурыздың 31-де берілген дауыстардың нәтижесі бұрмаланған.

«Мұндай заңсыздыққа үкімет қана нүкте қоя алады»,- дейді Явуз. Оның айтуынша, сайлаудың нәтижесін жайып, оны қайта өткізу туралы шағым Жоғарғы сайлау органына тапсырылды. Егер бұл аппеляция мақұлданатын болса, ыстанбұлдықтар маусымның 2-де дауыс беруге тағы барады. Ал, мақұлданбаса, оппозициялық кандидат Екрем Имамоғлы Түркияның ең үлкен қаласын басқару мандатын ие болады.

Наурыздың соңғы күні Стамбулда өткен муниципиалдық сайлауда Имамоғлы жетекшілік ететін Республикалық халық партиясы аз ғана басымдықтпен жеңіске жетті. Оппозицияның ескертуінше, мұнда сайлау қайта өтетін болса, демократияға нұқсан келтіреді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу