АҚШ-та қызылша ауруының таралуы рекордтық көрсеткішке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қызылша ауруының таралуы рекордтық көрсеткішке жетті

25.04.2019

2000 жылы елде бұл дерттің вирусы жойылды деп жарияланған еді. Алайда, жыл басынан бері АҚШ-та қызылшаға шалдыққан 695 науқас тіркелген. Мұны елдің Ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығы хабарлап отыр.

Инфекция өткен жылдың соңында Вашингтон штаты мен Нью-Йорк қаласында басталған. Оның жаппай таралуына қызылшаға қарсы вакцина қабылдамаған балалар себепші болды. Сондықтан жергілікті билік екпеден бас тартқан оқушылардың мектептер мен қоғамдық орындарға баруына тыйым салып отыр. Қазір қызылшаға қарсы екпе бүкіл елде балалармен қатар, ересектерге де жаппай салынып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу