Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бомба ел астанасынан шығыстағы Пугода қаласында жарылған. Тергеушілер оның өткен аптада болған жарылыстар сияқты басқарусыз, өздігінен жарылғанын анықтап отыр. Айта кетсек, Шри-Ланкада сәуірдің 21-інде ел тарихындағы ең ірі теракт болды. Бірнеше жарылыстан 359 адам қаза тауып, 500-ге жуығы жараланған. Қазір бұл елде жарылғыш заттар жаппай іздестіріліп, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ