Индонезия президенті Джоко Видодо мемлекет астанасын көшіру туралы шешім қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезия президенті Джоко Видодо мемлекет астанасын көшіру туралы шешім қабылдады

29.04.2019

Оған елдің бас қаласы орналасқан Ява аралында халықтың тығыз қоныстануы себеп болған. Жаңа астананың қайда ауысатыны әлі белгісіз.

Ява аралында Индонезия халқының шамамен 60 пайызы өмір сүреді. Ал, қазіргі астана - Джакарта тұрғындарының саны 10 миллионнан асып кеткен. Сонымен қатар, ол ойпатта орналасқандықтан, су тасқындарынан зардап шегіп, жер асты суларын көп мөлшерде пайдалануға байланысты, шөгіп барады екен.

Видодо бір сөзінде Бразилия мен Қазақстанды мысалға ала отырып, Индонезия астанасын көшіру жұмыстарының 10 жылға созылуы мүмкін екенін атап өтті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу