Олар қазір солтүстік-шығыстағы бұл ауданға әуеден соққы беру және снаряд жаудыру операцияларын үдетіп отыр. Айта кетсек, былтыр қыркүйекте Түркия мен Ресей осы территорияларды соғыс жүргізуге болмайтын аймақ деп жариялаған-ды. Бірақ сол айдан бері Сирия мен Ресей әскерлерінің әуе соққыларынан мұнда жүздеген адам мерт болған.
Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сирия авиациясы кассеталық бомба тастағанда, Идлибте мектептер мен ауруханалар және тұрғындар кварталы қирап, 15 бейбіт адам қаза тапқан.
Арыстан РЫСБЕК