Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға қаладағы Шах-Нау ауданында болған. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылысқа жауапкершілікті «Талибан» содырлары өз мойнына алды. Олар жыл сайын көктемде шабуылдар ұйымдастырады. Дегенмен, ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насрат Рахими бұл ауданда атыс-жарылыстар әлі басылмай тұрағанын айтты. Ал, екі апта бұрын тәліптер қала орталығындағы байланыс министрлігіне шабуыл жасап, кемінде 7 адамды мерт қылған еді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ