Италияда жол апатына ұшыраған 9 қазақстандықтың екеуі ауруханада жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда жол апатына ұшыраған 9 қазақстандықтың екеуі ауруханада жатыр

23.05.2019

Біреуінің қабырғалары сынса, екіншісінің омыртқасы зақымдалған болуы мүмкін. Ал, қалған жетеуі қонақүйлерге орналастырылыпты. Жалпы, туристік топтағы қазақстандықтардың саны – 11. Олардың ішінде 2 қыз автобуспен саяхаттауға шықпай қалған. Жол-көлік оқиғасы кеше таңғы уақытта Сиена – Флоренция магистралінде болды. Қоғамдық көлік жыраның оң жағындағы ағаштарға соғылып, аударылған. «Әйтпесе, төмен құлап, жағдай басқаша өрілер ме еді»,- дейді куәгерлер. Қазір жол апатының неден болғаны анықталып жатыр. «Егер кінә жүргізушіден немесе ақау техникадан табылса, онда біздің туристік компаниялардың сол Италиядағы серіктестері айыпқа тартылып, келтірілген шығынды өтеуі тиіс»,- дейді еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі. Ал, зардап шеккендердің туыстарымен байланыс толықтай орнатылды. Бірақ, олар апат жайында бұқаралық ақпарат құралдарына шығудан бас тартты.  

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Барлық азаматтардың медициналық сақтандырулары бар. Оның пайдасы – көп. 26-шы мамырда демалыстары бітуі қажет. Ал ауруханада жатқандардыкі созылуы мүмкін. Италияның жергілікті билігімен бірге әрекет етіп, құжат жағынан көмектесеміз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу