Непалда 1 аптада Эверестті бағындырмақ болған 10 адам қаза тапты. Жалпы альпинистер үшін маусым басталғаннан бері, құрбан болғандар саны 20-ға жеткен.
Биыл әлемдегі ең биік шың – Джомолунгмаға шығуға берілетін лицензиялар рекордтық мөлшері көп сатылған. Нәтижесінде, шамамен 9 000 метр биіктікке көтеріліп, одан түсерде, альпинистер ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болған. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы мен атмосфералық қысымға шыдамай, біразының денсаулығы сыр берген. Қайтыс болғандардың ішінде Үндістан, Ирландия, Непал, Австрия, АҚШ және Ұлыбритания азаматтары бар.
Альпинистердің кейбірі рұқсатнамалары, арнайы дайындығы жоқ адамдарға да берілді деп шағымданып отыр. Биліктің айтуынша, Эверестте жыл сайын 10 адамға дейін қаза табады. Дегенмен, мұндай қайғылы оқиғалар шыңды бағындырғысы келетіндерге тосқауыл бола алмай отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ