Лиондағы жарылысқа күдікті бомба бөлшектерін интернеттен сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лиондағы жарылысқа күдікті бомба бөлшектерін интернеттен сатып алған

28.05.2019

Францияның Лион қаласындағы жарылысқа күдікті жарылғыш затты кемінде екі ай дайындаған. Ал, оған қажетті бөлшектерді интернеттен тапсырыспен алыпты. Бұл туралы тергеу мамандары хабарлады. 24 жастағы алжирлік дүйсенбі күні аялдамадан тұтқындалған. Сонымен қатар, оның ата-анасы мен інісі де қамауға алынды.

Айта кетсек, жұма күні Лион орталығындағы нан дүкенінің жанында қолдан жасалған бомба жарылып, 13 адам жараланды. Оқиғаға күдікті велосипедпен дүкен жанына жарылғыш затқа толы сөмке тастап кеткені бейнекамераларға түсіп қалған. Сонымен қатар, 300-ден астам куәгер полицияға қоңырау шалып, көргендерімен бөлісіп, көмек тигізді. Әзірге күдіктінің мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Дегенмен, істі тергеу үшін 100 шақты маман жұмылдырылып, мән-жайды анықтап жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу