Оған жексенбідегі Еуропарламент сайлауы түрткі болған. Шеруді ұйымдастырушылардың айтуынша, мигранттарға қарсы саясатты қолдап, ұлтшылдықты дәріптейтін «Вламс Беланг» партиясы көпшілік дауыс жинаған. Сонымен қатар, парламенттегі еуроскептиктер саны 23 %-ға артып, Италия, Ұлыбритания, Франция мен Польшада тым оңшыл және «ұлтшыл» партиялар жеңіске жетті. Бұл халықтың наразылығын тудырды. Сондықтан, алаңға жиналған 4000-дай демонстрант парламенттен әлеуметтік теңсіздіктер мен нәсілдік кемсітушіліктерге жол бермеуді талап етіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ