Ресейлік ғарышкерлер Олег Кононенко мен Алексей Овчинин ғарышта 10 жыл бұрын қалып қойған орамалды орбиталық бекетке қайтарды. Оны сол кездегі астронавтардың бірі тастап кеткен. Скафандрды сүртуге арналған сүлгі Жерге жеткізіліп, әрі қарай зерттеледі. Кононенко мен Овчинин ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан адам – Алексей Леоновтың суретін станция қабырғасына ілді. Бұл - Леоновтың 85 жасқа толуына орай жасалған сый.
Сонымен қатар, ғарышкерлер халықаралық бекеттің сыртында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше тәжірибе бойынша сынамалар алған. Ол үлгілердің барлығы әрі қарай талдауға жіберіледі. Осылайша кеңістікте 6 сағаттай жұмыс істеген мамандар миссияларын сәтті аяқтап, станцияға аман оралды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ