Құтқару жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Апатқа байланысты ел премьер-министрі Виктор Орбан Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен оның халқына көңіл айтты.
Айта кетсек, кеше кешкісін Дунай өзенінде туристік қайық апатқа ұшырап, кемінде 7 адам қаза тапты. Тағы 7 жолаушы жараланып, ауруханада жатыр. Полицияның хабарлауынша, екі экскурсиялық катер соғылып, оның біреуі аударылып, суға батып кеткен. Зардап шеккен қайық бортындағы 35 адамның 33-і - Оңтүстік Корея азаматтары, екеуі – венгриялық экипаж мүшесі. Олар да жоғалғандар санатында. Күшті ағын мен нөсер жауын іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Сондықтан құтқарушылар жоғалғандардың тірі қалуы екіталай деп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ