Олардың 537-сі – балалар. Бұл оқиға, елдің оңтүстігіндегі шаң басқан Ратодеро қаласында болған. Әзірге СПИД-ке ұласатын вирустың неден тарағаны нақты белгісіз. Бірақ, жергілікті басшылықтың болжамынша, ВИЧ-ті жұқтыру фактілерінің күрт көбеюіне - дүмше әрі балгер-дәрігерлердің шприцтерді ауыстырмай қолдануы және қанды тексермей құюы себепші болуы мүмкін. Ал, бір доктор -- дәрі тамызғышты инесін жаңартпай, 50 балаға қолданған. Соның нәтижесінде бір жастан енді асқан сәбилерден де қатерлі вирус табылып жатыр.
Федералдық үкімет - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ-тың Ауруларды бақылау мен алдын-алу орталығынан көмек сұрады. Сонымен қатар, Пәкістан шетелде ВИЧ-ке қарсы препараттар қобдишасының 50 мың данасына тапсырыс беріп, дәрігерлер бригадаларын шақырып отыр.
Арыстан РЫСБЕК