Ол қамауда отыр. Мұны «Си-эн-эн» телекомпаниясы хабарлады. Ким Хёк Чхоль Пхеньянның АҚШ-қатысты саясатына жауап берді. Ал, оның ең ауыр үкімге іліккені туралы мәліметті оңтүстіккореялық басылымдар таратқан еді.
Қазір тергеушілер дипломаттың Вьетнамда өткен Трамп-Ким саммитінің сәтсіз аяқталуында қандай рөл ойнағанын анықтап жатыр.
Кейбір деректерге қарағанда, айыпты деп табылса, Чхоль «қатты жазалануы» мүмкін. «Си-эн-эн-нің» өзге бір ақпаратына жүгінсек, жақында Солтүстік Корея басшысының аудармашысы Ким Сонг Хе де тұтқындалып, тергеуге жіберілген.
Арыстан РЫСБЕК