Австралияның Дарвин қаласында қарулы адам бейбіт тұрғындарға оқ атқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның Дарвин қаласында қарулы адам бейбіт тұрғындарға оқ атқан

05.06.2019

Австралияның Дарвин қаласында ер адам оқ атып, 4 тұрғынды мерт қылды. Тағы бір кісі жараланған. Полицияның хабарлауынша, күдікті қаладағы сегіз орында, соның ішінде қонақүйге, көңіл көтеру орны мен дүкенге барып, оқ жаудырған. 45 жастағы азаматтың мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол қаңтарда абақтыдан мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығып, полицияның қарауында болып, электронды бақылау білезігін тағып жүрген. Дегенмен, оның қаруды қайдан алғаны беймәлім. Бұл оқиғаны тергеуге 100 шақты маман жұмылдырылды. Қазір күдікті қамауға алынып, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу