Украинада 5 жастағы баланы мерт қылған екі полиция қызметкері қамауға алынды. Оқиға Переяслав-Хмельницкий қаласында болды. Айыпталушылар алкогольді ішімдік ішіп, үй маңында тапаншадан бөтелкелерді атқан. Қаңғыған бір оқ аулада ойнап жүрген баланың басына тиіп, ол ауруханада қайтыс болды.
Бұл қайғылы жағдай халықтың ашуын тудырып, оқиға орнында және Киевте бірнеше наразылық акциясы өтті. Және де сол шерулер полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттар аудандық полиция бастығы мен ішкі істер министрінің қызметтен кетуін талап етіп жатыр. Ал ел президенті Владимир Зеленский мәселенің бақылауға алынғанын және кінәлі адамдарға қатаң жаза қолданатынын мәлімдеп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ