Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи Сауд Арабиясы мен Бахрейнді АҚШ-тың Таяу Шығысқа қатысты жоспарын қолдады деп айыптады. Мұндай мәлімдемені Хаменеи Айт мерекесіне арналған жиында жасады.
Вашингтон маусымның 25-26-сы күндері Бахрейнде Палестина мен Израильде бейбітшілік орнату жоспарын талқылайтын конференция өткізбек. Кейбір араб сарапшыларының ойынша, Құрама Штаттардың жаңа жобасы болашақта Палестина мемлекетін құруға бөгет болуы мүмкін. Дегенмен, Саудия мен Бахрейн алдағы кездесуге қатысқанымен, бұл жоспарды мақұлдамайтынын мәлімдеп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ