Құжатқа сәйкес 100 мыңнан астам 5G базалық станциясын жөнелтіп те үлгерген. Ол – әлем бойынша аталған желіні қолданысқа енгізген алғашқы компания. Осылайша ұйым АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, қызметін жалғастыруды көздеп отыр.
Айта кетсек, Вашингтон Huawei-ді телефондары арқылы құпия ақпарат жинады деп айыптап, қара тізімге енгізген еді. Содан кейін, ол Google-дің Android жүйесінен ажыратылды. Бұған жауап ретінде қытайлық компания АҚШ үкіметін сотқа беріп, өз операциялық жүйесін жасауды қолға алды.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ