Украина Президенті Владимир Зеленский Донбасста оқ атқан сепаратистерге әскердің күшімен қатаң жауап беретінін ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Президенті Владимир Зеленский Донбасста оқ атқан сепаратистерге әскердің күшімен қатаң жауап беретінін ескертті

07.06.2019

Ол аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне Ресейді айыптап, елдің шығысындағы соғысты дипломатиялық жолмен тоқтату позициясын өзгертпейтінін мәлімдеді.

Бұдан бұрын украиналық жауынгерлер жұмаға қараған түні сепаратистер жаудырған оқтан екі сарбаз қаза тауып, сегізі жараланғанын хабарлаған еді. «Мұндай шабуылдар – бейбіт келіссөздерді тоқтату әрекеттерінің айқын көріністері. Украина қарулы күштері оларға қатаң жауап береді», - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу