Венесуэладан шетелге қашқандар саны 4 миллионға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэладан шетелге қашқандар саны 4 миллионға жетті

10.06.2019

Венесуэладағы экономикалық және гуманитарлық дағдарыстан шетелге қашқандар саны 4 миллионға жетті. Ал сенбі күні президент Николас Мадуро Колумбиямен арадағы шекараны қайта ашуға бұйрық берді. Сондықтан көрші елге соңғы бірнеше күнде мыңдаған адам өткен. Көш жалғасып жатыр.

Қазір Венесулада азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауызсу мен электр жарығы тапшы. Бұл дағдарыс АҚШ Мадуроны биліктен құлату үшін елдің мұнай экспортына санкция жариялағаннан кейін тіпті тереңдеді. Соның салдарынан социалистік мемлекетте 3,5 миллион бала көмекке зәру. Мұны ЮНИСЕФ ұйымы хабарлады.

Голливудтың әйгілі актрисасы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары Анджелина Джоли Колумбияда мигранттармен кездесті. Ол сол сапарында әлемдік қауымдастықты венесуэлалық жеткіншектерге жәрдемдесуге шақырды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу